СҚО-да балаға сыныптасы пышақ сұғып алды

Солтүстік Қазақстанда 2009 жылы туған бала сыныптасының қолынан жарақат алды. Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Оқиға мұғалімдер күні қарсаңында, яғни төртінші қазанда болған. Тимирязев ауданы Ақжан негізгі мектебінің оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды. Пышақ оқушының оң жақ иығына кірген. Қазір жарақат алған 15 жастағы бала аудандық ауруханада жатыр.

«Баланың жағдайы тұрақты. Ол оң жақ иық жарақатымен түсті. Дәрігерлер ота жасап, жарақатты тікті», — деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш жағдай бойынша білім беру басқармасының басшысы жауап бере алмады. Айтуынша, оқиғаның мән-жайын толық білмейді. Нақтылағасын сұрақтарға жауап беруге уәде берді. Сонымен қатар QM редакциясы СҚО ПД аталмыш факті бойынша арнайы сұрау жолдады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 14 мектеп жабылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x