СҚО-да бұрындары полицейлерде тіркелмеген 8 алаяқтық фактісі анықталып, қылмыстар ашылды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тұрғындармен әңгімелесу барысында және әлеуметтік желідегі жазбаларды тексере келе 8 алаяқтық фактісін тіркеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында, криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері үш күн бойы қоғамдық орындарда, ұйымдарда  желілік алаяқтардың негізгі айла-тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары алаяқтар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерге мониторингті күшейтті. Олардың айтуынша, кибералаяқтарға алданып қалған адамдардың кейбірі полицияға жүгінбейді екен. Облыс тұрғындарымен сөйлесу кезінде және әлеуметтік желілердегі комментарийлерді тексере келе осындай 8 факті анықталған. Олардың барлығы интернеттегі хабарландырулар арқылы тауар сатып алу кезінде алданып қалған. Әр факті бойынша зардап шеккендер кейін арыз жазып, нәтижесінде барлық қылмыс қысқа уақыт ішінде ашылды.

«Басқа біреудің атына шағын несие ресімдеу – көбінесе жәбірленушінің жақын адамдарымен, туыстарымен немесе достарымен жасалады. Шағын несие ұйымдарының қызметтерін пайдаланбайтын егде жастағы адамдар бет-әлпет арқылы фото-видео растау қажет екенін білмегендіктен жиі зардап шегеді. Қаскөйлер олардың жақындарының аңқаулығын пайдаланып, әр нәрсені сылтау етіп, оларды фотоға түсіреді, несиелер ресімдейді. Егер сіздерге өзіңіз алмаған әлдебір қарызды төлеуді талап ете бастаса, бірден полицияға жүгініңіз. Бұл туралы үйдегі қарияларға да ескертіңіздер», – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Егер интернеттегі хабарландыру үшін алдын ала төлем талап етіп, сан соқтырып кетсе де полицияға жүгіну қажет. Бұндай қылмыс жиі ашылатын қылмыстарға жатады екен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда шыныдан жасалған аялдамалар ауыстырылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x