Солтүстік Қазақстанда көршісі ерлі-зайыптыны өлтіріп, қылмысын жасыру үшін өртеп жіберген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға мамырдың 4-і Жамбыл ауданының Пресновка ауылында болған. 37 жастағы жігіт көршілеріне қонаққа келіп, олар бірлесіп ішімдік ішкен. Ал отырыстың соңы қайғылы аяқталды.

«Екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданы Пресновка ауылының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті Қызылжар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Белгілісі 51 және 49 жастағы екі адамның өліміне кінәлі азамат бұрын істі болған. Енді ол өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, күні кеше ғана Петропавлда осыған ұқсас оқиғаға қатысты сот процессі аяқталды. Онда үш адамды өлтіріп, қылмысын жасыру үшін өрт қойған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда шұрық-тесік жолдың кесірінен скутер аударылып, екі адам зардап шекті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *