СҚО-да бұрынғы ресейлік компания қалайы өндіретін болады

СҚО-дағы Сырымбет кен орнында Solidcore Resources компаниясы қалайы өндіретін болады. Ол бұрын Ресейдің қарамағында болған Қазақстандағы ең ірі алтын өндірушілердің бірі – Polymetal құрамына кіреді, деп жазды Qazaqstan Media тілшісі Orda сайтына сілтеме жасап.

Lancaster Group холдингі 55% үлесін Solidcore Resources компаниясына сатқанын хабарлады. Келісім бойынша сауда құны 82,5 млн долларды құрайды. 

«Сырымбет – полиметалл кен орны. Негізгі компоненті – қалайы. Бұл – Қазақстандағы жалғыз қалайы кен орны. Ол біздің стратегиямызға сай келеді. Жоба арқылы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымына инвестиция салуды және жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отырмыз», — деді Solidcore Resources атқарушы директоры Виталий Несис.

Кен орнында құрылыс жұмыстарын 2025 жылы бастау жоспарлануда. Қалайы кен орны Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында орналасқан. Олар кенді Berkut Mining кәсіпорнымен бірлесе өндіруді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жедел жәрдем орталығы 46 млн теңгенің манекенін сатып алды 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x