Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйдегі пештің мұржасы бітеліп қалып, бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Зардап шеккендердің арасында 14 жастағы бала да бар, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға таңертең Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында болған. 1950 және 1973 жылы туған екі әйел мен 14 жастағы бала ауруханаға жеткізілді. Ал 1970 жылы туған ер адам өзінің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап, ауруханаға жатудан бас тартты.
«Оқиға орнында жұмыс жүргізу барысында ұзақ уақыт бойы тазаланбаған пештің мұржасы улы газбен улануға себеп болғаны анықталды. Соның салдарынан үй ішіне улы газ тараған», — делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: СҚО-ның екі тұрғыны ауылдасын өз үйінің маңында ұрып өлтірген