Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жоңышқадан жем шығаратын зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаны «Salar Farm» ЖШС «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асыруда, деп жазады Qazaqstan Media.

Зауыт 2026 жылдың көктемінде іске қосылады деп жоспарлануда. Мұнда жоңышқаны өңдеудің толық циклі — жасанды кептіру, престеу және түйіршіктеу технологиялары енгізіледі.

Компания директоры Арман Уатаевтың айтуынша, жоңышқа — ақуызға бай, жоғары сапалы мал азығы.

«Біз бұл премиум жемді Қытай мен БАӘ нарықтарына экспорттауды көздеп отырмыз. Жоңышқаны өзіміздің суармалы алқаптарда өсіреміз», — деді ол.

Кәсіпорын жылына 60 мың тонна дайын өнім өндіретін болады. Барлық өндіріс процесі толық автоматтандырылады. Жобаның жалпы құны шамамен бес млрд теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да республикалық тас жолда болған жол апатында үш адам зардап шекті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *