Солтүстік Қазақстанда адам өлімімен аяқталған кезекті жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайғылы оқиға Шал ақын ауданында болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жетінші қыркүйек күні «Жезқазған-Петропавл» автожолында кезекті жол көлік оқиғасы орын алды. «Audi» маркалы көлік әзірге белгісіз себептермен аударылған. Салдарынан өкінішке орай, 41 жастағы жолаушы әйел қаза тапты.
Рөл тізгіндеген азамат түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. 36 жастағы ер адам бірден ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу «амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады»,- деп қысқа қайырды СҚО ДП баспасөз қызметі.
Айта кету керек, өңірде екі күннің ішінде жол-көлік оқиғаларының салдарынан үш адам қаза тапты. Күні кеше ғана екі полицей қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған болатын.
Тағы оқыңыз: СҚО-да екі полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты