Есіл ауданындағы ауылдардың бірінде заңсыз алкоголь сату фактісі тіркелді. Спирттік өнімдерді келіншек үйінде сатып келген, деп жазады Qazaqstan Media.

Полицейлерге ауыл тұрғыны заңсыз арақ-шарап сатады деген ақпарат түседі. Оны учаскелік инспекторлар «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тексереді.
Ақпарат расталып, полиция қызметкерлері жергілікті әйелдің үйінен құрамында спирт бар 497 литр өнім тәркіледі. Ол — 687 бөтелке сыра мен бес литрлік 29 бөтелкеге құйылған лицензияланбаған арақ. Сонымен бірге акциздік маркасы жоқ 409 қорап темекі де алынды.

«Қазіргі уақытта тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша әкімшілік материал жиналып жатыр. Ауыл тұрғынына айыппұл салынуы мүмкін», — деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.

«Учаске» ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы 16 қыркүйектен бастап өткізілуде. Осы уақыт аралығында солтүстікқазақстандық полицейлер алкогольге қарсы заңнаманың 1700-ден астам түрлі бұзушылығын анықтапты.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық жастар есірткіге қарсы акция ұйымдастырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x