Есіл ауданының Чириковка ауылында қайғылы оқиға тіркелді. Су аламын деген ауыл тұрғыны құдыққа құлап, мерт болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 19 қаңтарда болған. Түнгі уақытта құдықтан су алып келемін деп кеткен 38 жастағы жігіт үйіне қайтып оралмаған. Бір сағат өткен соң анасы баласын іздеп шыққан. Кейін көршілерінен көмек сұраған. Олар құдыққа барып, ер адамның денесін көрген.

«Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Жол сапасы талапқа сай емес: СҚО-да былтыр жол құрылысы кезінде 280 олқылық анықталған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *