Жамбыл ауданының үш дүкені заңсыз спирттік ішімдіктерді саудалап келген. Тәртіп сақшылары олардан шамамен 300 литр сусынды тәркіледі, деп жазады Qazaqstan Media.
Рейдтік іс-шаралар барысында дүкендердің заңға қайшы жұмыс істеп келгені анықталды. Яғни, спирттік сусындарды заңсыз саудалап келген. Жамбыл аудандық полиция қызметкерлері бірден үш дүкеннен заңсыз саудаға шығарылған 300 литр алкоголь өнімін тәркіледі.
Екі сауда нүктесінен тәртіп сақшылары 74,5 литр арақ, сондай-ақ акциздік маркасыз 258 қорап темекіні анықтады. Ал үшінші дүкенде лицензиясы жоқ 83 литр арақ, 31 литр коньяк, 29 литр шарап өнімі мен 80 литр сыра сатуға қойылған.
Барлық факті бойынша сауда нүктелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы уақыт аралығында ауданда жергілікті кәсіпорыннан дизель отынының ұрлау фактісіне тосқауыл қойылды. Және 43 жастағы ауыл тұрғынынан тіркелмеген аңшы мылтығы алынды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда екі бірдей сауда орталығына «бомба қойған» азамат іздестірілуде