Петропавлға барлық деңгейдегі әкімдер жиналды. Оларға жасанды интеллектінің мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар — жаңа дәуірдің негізгі тетігі. Президент Жолдауында осыны баса айтып, салаға серпін беруді тапсырды. Қазір осы бағыттағы жұмыстар аймақта қарқын алуда. Ел сенімін ақтар жандарға заманауи жүйелердің мемлекеттік басқарудағы тиімділігі, уақыт пен ресурсты үнемдеудегі артықшылықтары жайлы айтылды.

СҚО-да ауыл әкімдеріне жасанды интелліктіні ел игілігіне пайдалану мүмкіндіктері түсіндірілді
СҚО-да ауыл әкімдеріне жасанды интелліктіні ел игілігіне пайдалану мүмкіндіктері түсіндірілді

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ауылдың жағдайына үнемі назар аударып, нақты тапсырмалар береді. Бұл — ауылдық жерлерде қолайлы жағдай жасау деген сөз. Біз аудан деп бөлінбейміз, себебі бәріміз бір облысқа қараймыз. Сондықтан, әр ауданның дамуы бір деңгейде болуы керек. Әркім форумнан өзіне қажеттісін алады. Барлығы да дамуға байланысты, ал ауылдық жерлерді дамыту — ең басты мақсат», — деді Есіл ауданы Николаев ауылдық округінің әкімі Далабай Қабдуалиев.

Ауыл әкімдеріне жаһандық өзгерістердің басы-қасында жүрген мамандар заман игіліктерінің мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Мысалы, тұрғындардың өтініштерін арнайы бағдарламалар арқылы бір орталықтан бақылау, құжаттарды автоматты түрде реттеу және статистикалық деректерді талдау тәсілдерін таныстырды. Бұлар әкімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетеді, шешім қабылдау сапасын арттыруға бағытталған.

СҚО-да ауыл әкімдеріне жасанды интелліктіні ел игілігіне пайдалану мүмкіндіктері түсіндірілді
СҚО-да ауыл әкімдеріне жасанды интелліктіні ел игілігіне пайдалану мүмкіндіктері түсіндірілді

«Бүгінгі курсты жасанды интеллектіні тәжірибе жүзінде қолдануға арнадық. Қоғамда жағымды өзгерістер орын алып жатыр. Денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларда көптеген цифрлық жобалар жүзеге асырылуда. Соларды билік өкілдеріне, халыққа, жастарға жеткізу керек. Сонда тұтас қоғамда алға жылжу орын алады деген ойдамыз», — деді СҚО цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы Нұржан Тоқбаев.

Тағы оқыңыз: Қар, бұрқасын, көктайғақ. СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *