СҚО дәрігерлері аутизмді ерте анықтап, балаларды тиісті тексерістерге бағыттамайды. Нәтижесінде ата-аналар уақыт жоғалтып алатын көрінеді. Бұл туралы олар «Қызылжар креатив» орталығында ұйымдастырылған басқосуда айтты. Жиынға сондай-ақ ҚР Президентінің ғылым және инновациялар бойынша кеңесшісі Күнсұлу Закарья, «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова мен Сенат депутаты Әсем Рахметова қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда өткен кездесуге «Мой ребёнок» ҚБ басшысы Татьяна Ковалева да қатысты. Оның айтуынша, қолданыстағы клиникалық нұсқаулар жаңартылса да, жалпы тәжірибе дәрігерлері, невропатологтар және педиатрлар кішкентай балалардағы аутизмнің белгілерін әрқашан бірдей анықтай бермейді, тиісті тексерулерге бағыттамайды және ерте араласуды бастамайды.

«Бала өмірінің алғашқы жылында-ақ педиатр оның дамуындағы өзгерістерді  байқап, шара қолдануы тиіс. Алайда, бұл жүзеге аспай отыр. Нәтижесінде  мамандарға жолдама уақытылы берілмейді, сауалнама жүргізілмейді. Ата-аналар осындай проблемаларға тап болады. Біз баға жетпес уақытты жоғалтып аламыз», — деді ол.

СҚО-да аутизмді ерте анықтауға жағдай жасалмаған

Бастапқы медициналық көмек көрсету кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бірыңғай диагностикалық алгоритмді іске қосу туралы ұсыныс айтылды. Бұл алгоритмге ата-аналармен сауалнама жүргізу және тексеру шараларының көлемін ұлғайту кіреді.

«Заңдарға өзгеріс енгізудің қажеті жоқ, бұл мәселені атқарушы органдар деңгейінде шешу керек. Бірақ іс жүзінде жағдай мүлдем басқаша. Сондықтан, мәселені шешуге партия ретінде атсалысайық. Бұл – шешімін табатын мәселе, алайда ол мұқият талдау мен жүйелі тәсілді қажет етеді. Кадрлар, әдістемелер және диагностикалық құралдар бойынша да сенімді негіз болуы маңызды», — деді «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова.

СҚО-да аутизмді ерте анықтауға жағдай жасалмаған

Диагностикалық мәселелермен қатар, жиынға қатысушылар балаларына алғаш рет диагноз қойылғанда ата-аналардың психологиялық қиындықтары мен ақпаратқа қол жеткізе алмайтындығын да сөз етті. Осыған байланысты, «Көмек» орталығының жетекшісі Ғалия Баязитова аймақта ерекше балалары бар ата-аналарға арналған арнайы қолдау мектебін ашуды ұсынды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық жұптардың 8% отбасылық өмірдің алғашқы жылында ажырасып кетеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *