15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күні. Осыған орай Солтүстік Қазақстанда тұратын Ауған соғысы және соған теңестіріліген жандар 137 620 теңге бір реттік жәрдемақы алады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстанда өзге елдердегі ұрыс қимылдарға қатысқан 916 азамат тұрады. Оның 606-ы Ауған соғысынла болып, елге оралғандар. Биыл 15 ақпанда оларға бір ретік жәрдемақы төленеді. Ол 35 АЕК құрайды.
«Жәрдемақы аудандарда және Петропавл қаласында тұратын барлық Ауған соғысы ардагерлеріне төленеді. Оның көлемі — 137 620 теңге. Қаражат әр ауданның, қаланың жергілікті бюджетінен бөлінеді. Былтырға дейін бұл жәрдемақы тоғызыншы мамыр қарсаңында төленетін. 2024 жылдан бастап 15-ші ақпан қарсаңында беріледі. Биыл аталмыш жәрдемақыны төлеу толық көлемде жүргізілетін болады», — деп нақтылады СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Береская.
Сонымен бірге, өңірімізде өзге ел аумағында соғысқа қатысқан азаматтар үшін әлеуметтік көмектің бірнеше түрі көрсетіледі. Оның ішінде санаторлы-курорттық емделу, коммуналдық қызметтерді төлеу, тіс протездеуде көмек көрсетіледі.
Айта кету керек, жәрдемақы мөлшері әр облыста әр түрлі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл су тасқынының шарықтау шегі 19 сәуір болады деп болжануда