[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/фотооо.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, “ҚазАқпарат” халықаралық агенттігіне сілтеме жасап.
СҚО сотының мәліметінше, 2 наурыз күні облыстық соттың аппеляциялық алқасы прокурордың аппеляциялық өтінішімен К.-ға қатысты алаяқтық жасауға оқталу қылмыстық ісін қарады.
Сотталған Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқара отырып, М-дан 200 мың теңгені алаяқтық жолмен алған. Шенеунік бюджет қаражатын оған мерзімінен бұрын аударуға жәрдемдесемін деген К. қылмыс орнында ұсталды. Петропавл қалалық соты оған ұрланған мүліктің 15 еселенген мөлшерінде, яғни 3 млн теңге айыппұл салуға үкім шығарды. Бұл үкіммен прокурор келіспей, апелляциялық өтініш берді. Қадағалаушы орган үкімнің тым «жұмсақтығын» айтып, К-ға тағайындалған жазамен келіспеді. Қылмыстың бұл түріне айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот К-нің қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін жағдай деп оның шын жүректен өкінуін, жас балаларының, соның ішінде ауыр дертті баласының болуын есепке алды. Ал К-ның өзі қабылдаған антты бұзуы — ауырлататын мән-жай деп танылды. Аппеляциялық алқа К-ға тағайындалған айыппұл түріндегі жазаның сотталған адамның жеке басына және ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келмейтінін мойындады.
Сот алқасының қаулысымен К.-ға қатысты үкім өзгертіліп, оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]