Синоптиктердің болжамынша, 14–17 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяз болады. Ауа температурасы -38 градусқа дейін суытады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қаңтардың екінші онкүндігінде өңірге Сібірден антициклон келеді. Соның әсерінен қатты аяз күтіледі.
14 қаңтарда түнде термометр бағаны -30…-35 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік-шығыс аудандарда -38 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы біршама жоғарылап, -20…-28 градус шамасында сақталады.

Мұндай суық ауа райы 17 қаңтарға дейін жалғасады. 18 қаңтарға қарай түнде -23 градус, күндіз -19 градус шамасында болады деп болжануда.

Сондай-ақ 22 қаңтарда тағы да қатты аяз күтіледі. Бұл күні ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Аязды күндері жел де күшейеді. Солтүстік-шығыс аудандарда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетсе, шығыс өңірлерде 28 м/с-қа дейін күшейеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы серіктестікке Германиядан асыл тұқымды мал әкелінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *