Солтүстік Қазақстан облысында атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты түрде бақыланып отырады. Дегенмен, биылдыққа ауаға 7 рет зиянды заттардың бөлінгені анықталған. Санитар мамандар бұл көрсеткіштің айтарлықтай көп емес екендігін айтуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қоршаған ортаның жағдайы адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Мәселен, тыныс алу ауруларының 20 пайызы мен қантамырлар жүйесі дерттерінің 10%-ы атмосфералық ауаның ластануынан пайда болады. Сондықтан, бұл проблема қазір өзекті болып тұр. Жағдайды ушықтармас үшін жергілікті санитар мамандар облыс орталығы мен аудандардағы ауа сапасын жиі-жиі тексеріп отырады.

«Облыс аумағында ауаны ластайтын ірі өндірістік кәсіпорындар айтарлықтай көп емес. Сондықтан атмосфера әжептәуір таза. Дегенмен, Петропавл 2-ЖЭО мен автомобильдердің ауаға зиянды заттарды тарататыны да жасырын емес. 2023 жылдың 6 айында осы бағытта 7684 сынама алынды. Нәтижесінде, 7 рет ауаның ластанғанын білдік. Көміртегі оксиді, фенол сынды химиялық заттар негізінен Петропавл қаласында шектен шыққан», — деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Айгүл Мурталимова.

Ластанған ауа тұрғындарға зиян келтірмес үшін маман табиғат аясына жиі шығып серуендеуге кеңес береді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 175 адам алимент төлеуден жалтарып жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x