СҚО-да анасы пышақ сұғып алған қыз ауруханадан шықты

Солтүстік Қазақстанда анасы пышақтап тастаған қыз бала ауруханадан шықты. Оны заңды өкілдері алып кеткен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қыркүйек айының ортасында Уәлиханов ауданында оқушы қызды анасы пышақтап тастады деген жаңалық, жұртты дүр сілкіндірген болатын. Кейін белгілі болғандай, көпбалалы ана сабағын дұрыс орындамағаны үшін қызының жамбас тұсына пышақ сұққан. Алған жарақаттардан кейін қыз бірден аудандық ауруханаға жатқызылды. Оған сол жерде шұғыл ота жасалып, бірнеше күннен кейін ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына санавиация желісі арқылы жеткізілген болатын. Дәрігерлер сол кезде оның жағдайын ауыр деп бағалады.

Қазір оқушы қыздың денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылыпты. Оны заңды өкілдері алып кеткен.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары кезінде анасы бала тәрбиесінен шеттетілген. Оны өзінің ата-анасы Ақмола облысына алып кеткен.

Тағы оқыңыз: Петропавл қаласының әкімі қарттарды мерекелерімен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x