Солтүстік Қазақстан облысында алдағы 2025-2026 жылғы жылыту маусымына дайындық белсенді түрде жүргізілуде. Бұл мақсатқа 44 млрд теңге қарастырылған. Оның 33 ммлрд теңгеден астамы – жеке инвестициялар. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өзінің Telegram-дағы парақшасында жазған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Севказэнерго» АҚ биылғы жөндеу науқанына 27 млрд теңге бағыттап отыр. Қазіргі уақытта Петропавл ЖЭО-2-де мынадай негізгі жұмыстар қолға алынған: қазан агрегаты мен турбоагрегатты қайта құру. Үшінші қазан мен екінші турбоагрегатты күрделі жөндеу, сегізінші қазан агрегаты мен төртінші турбоагрегатты ағымдағы жөндеу.

СҚО-да алдағы жылыту маусымына 44 млрд теңге бөлінді
СҚО-да алдағы жылыту маусымына 44 млрд теңге бөлінді

Ал жаңа түтін мұржасының құрылысы аяқталуға жақын деп хабарлаған монополист компания өкілдері.

Сондай-ақ, «Петропавл жылу желілері» кәсіпорны жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,5 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат 6,37 км жылу желілерін жөндеуге, 0,9 км қайта құруға, 4 км жылу оқшаулауын қалпына келтіруге жұмсалмақ.

«Энергетика саласын нығайту мақсатында облыста 1500 км электр беру желілері жөнделеді, 201 км желі қайта жаңартылады. Сонымен қатар, 221 қосалқы станция жөндеуден өтеді», — делінген жазбада.

Аудандық деңгейде де дайындық жұмыстары қарқын алған. Қысқа дейін 484 қазандық, 636 білім беру мекемесі, 364 денсаулық сақтау нысаны және 162 мәдениет ошағы дайын болады деп жоспарланған. Облыс орталығындағы 1,5 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй де жылыту маусымына толық дайын болмақ.

Сонымен қатар, 11 жаңа қазандық сатып алу және 6,3 км жылу желісін жөндеу көзделген.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мекемелерге тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Ал жаңа түтін мұржасын іске қосу — басты басымдықтардың бірі ретінде белгіленіп отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда оқушы қыздар жасөспірімді ұрып-соғып, ақша бопсалаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *