СҚО-да алдағы жазда тағы бір балалар лагері ашылады

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жабылып қалған балалар сауықтыру лагері қайта ашылатын болды. Ол Имантау-Шалқар туристік аймағында орналасқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Айыртау ауданындағы туристік аймақтың дамуы өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы жиында талқыланды. Ол жайында аудандық туризм бөлімінің басшысы Аманбек Махметов баяндады. Айтуынша, ауданда 46 туристік нысан бар. Олар тәулігіне төрт мыңға жуық қонақты қарсы ала алады. Бұл нысандардың арасында үш балалар сауықтыру лагері де бар.

СҚО-да алдағы жазда тағы бір балалар лагері ашылады

«Көп жылдар бойы «Сокол» балалар сауықтыру лагері жабық тұрды. Биыл оны сенімгерлік басқаруға бердік. 2025 жылдың жазында ол жұмысын бастайды деп отырмыз. Сонымен қатар, ауданда қысы-жазы туристерге қызмет көрсететін тоғыз демалыс аймағы бар», — деп нақтылады аудандық туризм бөлімінің басшысы.

Былтыр Айыртау ауданындағы туристік бизнеске 500 млн теңге құйылса, биыл 160 млн теңге инвеститция тартылыпты.  Бұл ақшаға демалыс орындары жөнделген. Сонымен қатар, демалыс базаларына барар жолдар жөнделіп жатыр.

«Биыл Көкшетау ұлттық паркі мен аудан әкімдігі арасында жолдарды жөндеу және инженерлік желілілерді жөндеу бойынша келісімге қол қойылды. Соның арқасында төрт автомобиль жолының 87 км жөнелді. Оған 806 млн теңге жұмсалды. 2025 жылы ұзындығы 19 км болатын жеті автомобиль жолы дұрысталады», — деп атап өтті Айыртау ауданының туризм бөлімінің басшысы Аманбек Махметов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Есіл өзені ернеуінен асты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *