Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері Құрбан айт намазының кестесін жариялады. Діни басқарма ұсынған кесте бойынша, Солтүстік Қазақстанда намаз 7:00-де оқылады, деп жазады Qazaqstan Media.
Айт намазы еліміздің мегаполистері -Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Құрбан айт намазы 6:00-де оқылады. Айта кетейік, Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күні құрбандық шалынып, дұға-тілек жасалады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Бұл амал арқылы адамның ішкі ниеті, шынайы пейілі, дініне бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда суға кеткен баланы құтқарушылар осымен екінші күн іздеп жатыр