СҚО-да адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мақсатында «Адам құқықтары» жөніндегі уәкіл өкілдері жұмыс істейді. Өңірде жыл басынан бері тұрғындардың 150-ден астам өтініші қабылданған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оның ішінде мемлекеттік қызметкер де, сотталған жандар да бар. Бұдан бөлек мамандар азаматтардың құқықтарын жедел қорғау мақсатында 64 жеке қабылдау жүргізген. Уәкіл өкілдеріне көбінесе түрмеге тоғытылған адамдар жүгініпті.
Сонымен қатар, өкілдік кеңесінде 40-тан астам азамат құқықтық көмек алды. «Адам құқықтары» жөніндегі уәкіл өкілдерІ жыл басынан тұрғындардың сауаттылығын арттыратын 100-ге жуық шара өткізіпті.
«Биыл бізге тұрғындардан 157 өтініш келіп түсті. Оның 145-і бойынша түсініктеме берілді. Жыл басынан уәкіл мандатына жататын мекемелер мен ұйымдардағы ұстау және тұру жағдайларына байланысты 61 мониторинг жүргізілді», — деді Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің СҚО бойынша бас маманы Римма Әбдірахманова.
Тағы оқыңыз: СҚО-ға елге танымал мемлекеттік би ансамблі келеді