Солтүстік Қазақстан облысында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жағдайлары артқан. Эпидмаусым басынан бері 36 мыңнан ЖРВИ жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ауруға шалдыққандардың ең көп бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Олар барлық тіркелген жағдайдың 67 пайызын құрайды. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың иммундық жүйесі маусымдық вирустарға әлсіз келеді, сондықтан симптомдар байқалған бойда дәрігерге жүгіну қажет.
Соңғы аптада өңірде 2797 жаңа жағдай тіркелген. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде облыста грипптің A/H3N2 түрінің 195 жағдайы расталды. Бұл штамм жоғары температура, қатты интоксикация және жылдам асқынуларымен қауіпті.
«ЖРВИ-ге шалдыққан жандар үйден шықпауы тиіс. Басқаларға зияны тиіп, жұқтыруы мүмкін. Ата-аналардан вирус жұқтырған балаларын толықтай жазылмайынша мектепке жібермеулерін сұраймыз», — деп мәлімдеді СҚО бойынша санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында тәркіленген 39 қап құс еті жеуге жарамды

