СҚО-да А. Байтұрсынұлы туралы фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті

Петропавлда халқымыздың біртуар перзенті, қайраткер тұлға, публицист, ағартушы, педагог Ахмет Байтұрсынұлы туралы жаңа фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. Жаңа туындыны тамашалауға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ақсақалдар, депутаттар, қоғам өкілдері мен жастар жиналды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Соңғы үкім» атты көркем фильмде ұлт ұстазының күреске толы тағдырының мәлім де беймәлім тұстары көрсетіліп, бірегей тұлғаның өмір жолы кеңінен сипатталды.

«Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, қазақ әліппесінің авторы Ахмет Байтұрсынұлының ел тарихында алар орны ерекше. Оның рухани мұрасы халқымызға осы күнге дейін пайдасын тигізуде. Осының барлығын болашақ ұрпақ біліп өсуі тиіс, аталмыш танымдық-ағартушылық кино арқылы халқымыздың белгілі тұлғалары туралы тың деректер адамдардың жадында сақталады», — делінген облыс әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Оқушыларға «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» гайдбуктары табысталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x