Синоптик мамандар ақпан айына арналған ауа райы  болжамын жариялады. Оған сенсек, ақпан айы Солтүстік Қазақстан үшін жауын-шашынды болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ақпанда ауа температурасы орташа алғанда жылдағыдай болмақ. Айдың алғашқы онкүніндігінде күн жылынып, термометр көрсеткіші М. Жұмабаев, Қызылжар және Мамлют аудандарында +3°С дейін көтерілуі мүмкін. Түнгі уақытта -23°С суық болады.

Кейін күн суытып, аяз басталады. Бұл екінші онкүндікте болады. Орташа түнгі уақытта -22-27°С болады деп болжанып отыр. Күндіз -12-17°С болмақ. Кей күндері  қатты аяз болады деп күтілуде. Синоптиктер бұл күндері облыста түнде -30-35°С аяз болады дейді.

«Екінші онкүндікте күндіз ауа температурасы -17-22°С дейін төмендейді. Түнде -30-35°С болады. Ал, үшінші онкүндікте ауа температурасы жоғарылайды. Түнгі уақытта термометр көрсеткіші -6-11°С дейін көтерілсе, күндіз 0,-5°С болады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» АҚ СҚОФ мамандары.

Ақпанда солтүстік өңірде қар мен жаңбыр жауады деген болжам да жасалып отыр. Ол алғашқы онкүндікте түсуі ықтимал. Жалпы алғанда айлық жауын-шашын нормадан көп болады. Бұл көктемгі су тасқынына әсер етеді деп отыр мамандар.

«Облыстың басым бөлігінде қар нормадан көп түсті. Әсіресе, Қызылжар, Мамлют, Ақжар, Уәлиханов және Ғ. Мүсірепов, Айыртау аудандарында қар қалың. Тайынша, Тимирязев, Жамбыл, Шал ақын, Есіл, Аққайың аудандарында қар нормаға сәйкес жауды. Ал, М. Жұмабаев ауданында қар аз», — дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 92 үй тұрғызылған 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *