Елдің ертеңіне алаңдамас үшін сенім артар жастар тәрбиеленуі тиіс. Сол үшін республика көлемінде Президенттің бастамасымен қолға алынған «Адал азамат» жобасы жүзеге асып жатыр. Бүгін ақсақалдар бастаманың даму қарқынына тоқталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аса маңызды іске Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы жанындағы Ақсақалдар кеңесі сүбелі үлес қосып келеді. Бүгін аға буын өкілдері жиналып, атқарылған жұмысты талқылады, болашаққа жоспар құрды. Ұрпақ сауатты, еңбекқор, әділ болу үшін не істеу керек? Бұл жүйелі жұмысты талап ететін шаруа.

«Тәрбие отбасыдан басталады» деп біздің қазақ, жалпы халық айтады. Біз жас баланың мінез-құлқын отбасыда, мектеп қабырғасында қалыптастыруымыз керек. Адал азамат бір күнде қалыптаспайды. Күш салу керек», — деді СҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Қазір жерде-жерде Аналар кеңесі де құрылған. Ақ орамал тағып, ақыл айтатын азаматшалар — тәрбиенің нағыз қайнар көзі. Олар қыздардың тәрбиесіне баса мән береді.

СҚО-да аға буын өкілдері «Адал азамат» жобасының жүзеге асу қарқынын талқылады
СҚО-да аға буын өкілдері «Адал азамат» жобасының жүзеге асу қарқынын талқылады

«Біз жастарымызды қоғамға белгілі адамдармен кездестіреміз, әділдік сабақтары сынды танымдық шаралар ұйымдастырамыз, қиындыққа тап болған қыз-келіншектерге жәрдем береміз. Ауданымызда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Қыз тәрбиесі — ұрпақ тәрбиесі. Яғни, бұл бағытқа көңіл бөлінуі тиіс. Егер аруларымыз әжелеріміз ұстанған жолды білсе, ұлттық құндылықтарымыз жойылмайды», — Аққайың аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ләззат Қыдықова.

«Адал азамат» жобасының жүзеге асуы талқыланған жиын марапаттау рәсімімен аяқталды. Жастар тәрбиесіне белсенді араласып жүрген аудандық ұйымдардың басшылары ортаға шығып, құрметке бөленді.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *