Солтүстік Қазақстанда 50 және 41 жастағы екі ер адам есірткінің аса ірі мөлшерін заңсыз тасымалдаған. Оларды Maғжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ұстады, деп жазады Qazaqstan Мedia тілшісі.

50 және 41 жастағы екі азамат М. Жұмабаев ауданындағы Октябрьское ауылына кіреберіс жерде ұсталған. Тексеру барысында олар мінген көліктен ерекше иісі бар жасыл түсті орамалар табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың жалпы салмағы 9,5 келі марихуана екенін көрсетті.

«Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Олар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *