Солтүстікқазақстандық полицейлердің есебінде 43 педофил тұр. Соның 9ы бүгіндері бостандықта жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО-да 43 педофил есепте тұр. Олардың 34-і түзету мекемесінде жазасын өтеп жатса, қалғаны сіз бен біздің ортамызда, бостандықта жүр. Алайда, олар тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында екен. Бұл туралы бүгін облыстық ПД бастығы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. Естеріңізге сала кетейік, осы жылы М. Жұмабаев ауданында Өзбекстан Республикасының азаматы масаң күйде өзінің кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған еді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір М. Жұмабаев ауданындағы жағдай бойынша толық тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу шаралары аяқталған соң барлық мәліметті жариялайтын боламыз. Жалпы, педофилдер үнемі тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында. Олар түзету мекемесінен жазасын өтеп шықса да, арнайы мамандар оларды қадағалап отырады. Яғни, есептен шығарылмайды”, дейді облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x