Петропавлда 64 жастағы жерлесімізге МӘМС аясында күрделі ота жасалды. Облыстық көпсалалы ауруханының хирургтары науқастың миындағы ірі ісікті алып тастады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қала тұрғыны Анатолий Черясовтың бір жыл бойы басы ауырып жүрген. Бірақ, дәрігерлердің көмегіне жүгінбепті. Тек түрлі дәрілер арқылы өз-өзін алдап жүрген. Өкінішке қарай, кейін жерлесіміздің жағдайы күрт нашарлаған. Кітаптағы әріптерді танымай, жазу мен оқу дағдылары жойыла бастаған. Тіпті, сөйлей алмай, тілі бұратыла бастаған.
Жағдайдың ушыққанын көрген науқастың әйелі күйеуін аурухана жатқызған. Дәрігерлер қала тұрғынын бірден тексерген. Нәтижесінде миында көлемі 6,5х5,3х4,5 см болатын ісік бары анықталып, шұғыл түрде операция жасау туралы шешім қабылданады.
Алты сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Білікті дәрігерлер, науқастың миынан қатерлік ісікті алып тастады. Бұл ретте назар аударарлық бір жайт бар. Негізінен ота құны 10-15 млн теңгені құрайды. Бірақ, науқасқа МӘМС аясында тегін көмек көрсетілген.
Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер мен күзетшілер сауда орындарында банкоматтарды бақылайтын болды