Солтүстік Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 2025 жылдың қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің СҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Абаев мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Оның айтуынша, 2025 жылы ведомствоға 624 тұтынушының өтініші түскен.

«Өтініштердің басым бөлігі бөлшек және онлайн-сауда саласына қатысты. Әрбір нақты жағдай бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық берілді. Нәтижесінде 17,5 млн теңгеден астам қаржы тұтынушыларға қайтарылды», — деді Ғалымжан Абаев.

Өтініштер көбіне e-Otinish, Telegram-бот және жедел желі арқылы қабылданыпты. Қайтарылған қаржының ішінде 16,08 млн бөлшек сауда, 939 мың теңге электрондық саудаға тиесілі екен.

Шағымдардың негізгі себебі — тауар сапасына көңіл толмауы және сатушылардың толық әрі дұрыс ақпарат бермеуі.

Жыл қорытындысы бойынша жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 21 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дық шекті сауда үстемесін арттырғаны үшін 97 кәсіпкерге айыппұл салынды.

«Біздің мақсатымыз — бизнеске қысым жасау емес, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Баға тәртібін бұзу – ең алдымен азаматтардың әлеуметтік мүддесіне әсер етеді», — деп атап өтті спикер.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы денсаулық сақтау мекемелерінде 1,5 млрд теңгенің бұзушылығы анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *