Солтүстік Қазақстанда орақ науқаны 98 пайызға аяқталды. Диқандар бүгінге дейін 6,2 млн мың тонна астықты бастырып үлгерген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыста күзгі жиым-терім жұмыстары аяқталуға жақын. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары берген мәліметке сүйенсек, диқандар орақ науқанын 98 пайызға аяқтаған. Бастырылған астық көлемі 6 млн тоннадан асып жығылады.

Шығымдылық көрсеткіші 20 центнерден асады. Осы ретте статистиканың күн сайын артып келе жатқанын көре аламыз. Қазіргі таңда диқандар майлы дақылдарға оруда. Мұндағы берекелік – 11,6 центнер.

Астық қабылдау орындары да күн-түн демей жұмыс істеуде. Оларға бүгінге дейін 1 жарым млн тонна ырыс дәні жеткізіліпті. Оның 10 пайызы ғана — 3 сыныптағы астық.

Бұл жалпы сыйымдылықтың 47 пайызын құрайды. Ылғалдылық көрсеткіші орташа есеппен алғанда 15-17 пайызға тең. Оған ауа райының қолайсыздығы әсер етіп отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ұлттық ойындар бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *