Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар аудандарда Еңбек кодексінің талаптарына орындамау фактілері анықталды. Мысалы, Қызылжар ауданы мен Петропавлда  553 жұмысшы 103,7 млн теңге жалақыларын ала алмаған, деп жазады Qazaqstan Media.

 103,7 млн теңге. Бұл Петропавл мен Қызылжар ауданының 223 тұрғынының айлығы. Олар адал еңбектерінің ақысын ала алмай келген. Тек прокуратура мамандары тексеріп, араласқасын ғана ақшалары беріліпті.

Сонымен қатар, Уәлиханов пен Есіл аудандарында да Еңбек кодексін бұзу фактілері анықталды. Бұл аудандардағы білім беру мекемелерінде 282 жұмысшыға арнайы жұмыс киімі берілмеген. Олқылықтар прокурорлық акт толтырылғасын ғана жойылыпты.

Жалпы жыл басынан құзырлы орган мамандары 3 082 жұмысшының құығын қорғады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда енді студенттерді қоғамдық және волонтерлік қызметтеріне қарай да бағалайтын болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *