СҚО-да 500-ге жуық мұғалім жетіспейді

СҚО-ның мектептеріне 2024-2025 оқу жылында 473 маман қажет. Өңірде көбіне математика, физика, бастауыш сынып пен қазақ тілі және орыс тілі мұғалімдері тапшы. Бұл туралы Qazaqstan Media тілшісінің жолдаған сауалына жауап берген облыстық білім басқармасының мамандары хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында жалпы 458 мектеп бар. Олардың 244-і орыс тілді білім беру мекемесі болса, 109-ы қазақ мектебі. Қалған 105-і аралас білім береді. Биылғы 2024-2025 жылғы оқу жылында өңір мектептерінде 75945 оқушы білім алады.

«Былтырғы 2023-2024 оқу жылында облыс мектептерінде 11883 мұғалім жұмыс істеді. Ал биыл мұғалімдер саны 1 қыркүйектегі оқушылар саны мен кабинеттердің құрамына байланысты болады. 2024-2025 оқу жылына мұғалімдерге қажеттілік 473 маманды құрайды. Математика пәнінің мұғалімдеріне ең көп қажеттілік – 55 бос орын бар. Физика – 23, бастауыш сынып – 29, қазақ тілі – 23, орыс тілі мұғалімдеріне 24 ваканция бар. Қазіргі уақытта мектептерде мұғалімдер жұмысқа қабылдануда», — деді облыстық білім басқармасының бас маманы Даниил Степанов.

Солтүстік Қазақстан облысында қазір Дрогомировка ауылында 120 оқушыға шақталған және 300 балаға арналған 50 орындық түзету мектеп-интернатының құрылысы жүріп жатыр. Биылғы оқу жылында қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, Петропавлда да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1200 орындық 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл балалар игілігіне беріледі деп жоспарланған.

«Биыл 50 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,8 миллиард теңге бөлінді. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22 мектеп 2,7 млрд теңге қайта қалпына келтірілетін болады. Қазіргі уақытта орындалған жұмыс көлемі 8 мектепте 30-40%, 26 мектепте 50-60%, 8 мектепте 75-80% аралығында», — деді облыстық білім басқармасының бас маманы Даниил Степанов.

Тағы оқыңыз:Қазақстанда автобусты 23 жастан жүргізуге болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *