Солтүстік Қазақстандағы ірі шаруашылықтардың бірінде жұмысшыны бұқа сүзіп, көз жұмды. Оқиға екінші қаңтарда орын алды, деп жазады Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға Тайынша ауданындағы мал шаруашылықтарының бірінде болды. Серіктестіктің 40 жастағы жұмысшысын бұқа сүзген. Алған жарақаттарымен ол Тайынша ауданаралық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылғанымен, ер адам ауруханада көз жұмды.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 41 жастағы ер адам қонаққа келген танысын атып өлтірген