СҚО-да 3 мыңнан астам үй әлі де су астында тұр

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының шарықтау шегі өтті. Дегенмен өңірде әлі де үш мыңнан астам үй су астында тұр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жазира Қожахметованың айтуынша, өңірде су тасқыны басталғаннан бері 3 898 үйді су басқан. Қазір  712 үйден су кетті. Дегенмен әлі де 3 186 баспана суда тұр. Жалпы облыс бойынша 14 мыңнан адам эвакуацияланды, олардың 3 596-сы — бала. 764 адам үйлеріне қайтты.

«СҚО-да жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 1 метр 38 см-ді құрайды. Бұл оның 125 пайызға толғанын білдіреді. Қауіпті деңгей – 1 метр 50 см. Тәулік ішінде су деңгейі 11 см-ге төмендеді. Облыста Есіл өзенінің бойында су деңгейінің едәуір төмендегені байқалады. Есіл ауданы Покровка ауылы маңындағы гидробекетте су деңгейі 51 см, Новоникольское ауылында 24 см төмендеді. Демек, су тасқыны екінші толқынының шарықтау шегі ол жақта өтті. Ал Петропавлда су деңгейі 19 см төмендеді», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Тағы оқыңыз:СҚО прокурорлары инвесторлардың 50 млрд теңгеден артық жобасын қорғап қалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x