СҚО-да 29 жастағы жігіт вейпті Telegram арқылы сатып келген

Солтүстік Қазақстанда полицейлер заңсыз вейп саудасының жолын кесті. Ер адам саудасын Telegram мессенджері арқылы жүзеге асырып келген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне никотинді электрондық тұтыну жүйелерін, яғни вейпті Telegram мессенджерінде заңсыз сатып жатқаны туралы ақпарат түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Жедел уәкілдер ұстау кезінде оның машинасы мен пәтерінен жалпы сомасы 1 100 000 теңге болатын 118 бірлік заңсыз өнімді анықтады. Басқа адамдардың осы іске қатысы бар-жоғы тексерілуде», — деп жазады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын ескертеді. Ол үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 49 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x