СҚО-да 28 жастағы жігіт қоқыс өртеймін деп күйіп қалды

Солтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт үй маңында қоқыс өртеймін деп, күйіп қалды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға бесінші қыркүйек күні Ақжар ауданында болған. Талшық ауылында 1996 жылы туған жігіт үй маңында қоқысты өртемекші болады. Алайда өзі 2-ші дәрежелі күйік алған.

«Жігіттің қолы мен бетін от шарпыған. Оған медициналық көмек көрсетілді, алайда ол аурухана жатудан бас тартты», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО бас құтқарушысы Ерік Сарыбаев жұмыстан кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x