Солтүстік Қазақстан облысында 26 қазанда депутаттар сайлауы өтеді. Нәтижесінде бұрынғы депутаттардың орнына бес жаңа кандидат сайланады. Бұған дейін депутаттық мандаттарын жоғалтқан немесе әртүрлі себептермен одан бас тартқан адамдардың орнын толтыру үшін жаңа депутаттар таңдалады. Осындай халық қалаулыларының бірі — облыстық мәслихаттың депутаты Павел Булаев. Ол жақында бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталған болатын, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстікқазақстандықтар қазан айында бес жаңа депутатты таңдайды. Оның ішінде біреуі облыстық мәслихатқа, тағы біреуі Петропавл қалалық мәслихатына, ал үшеуі Мағжан Жұмабаев, Тайынша және Шал ақын аудандарына сайланады.

Облыстық мәслихатта депутаттардың саны азайды. Петропавл қаласындағы №13 бірмандаттық округтің депутаты Павел Булаев өз өкілеттілігін жоғалтты. Қазір ол бюджет қаржысын жымқырғаны үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Ал Петропавл қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Зуев болса қызметтік орнын ауыстырып, басқа облысқа көшті. Мағжан Жұмабаев ауданында №10 округ бойынша жаңа халық қалаулысы сайланады, Тайынша ауданында да №9 округ бойынша жаңа депутат тағайындалатын болады.

Сайлау туралы ақпарат алғашқы кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Онда сайлау округтерінің шекаралары, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы мәліметтер беріледі.

Кандидаттарды ұсыну 25 қыркүйек сағат 18:00-де аяқталады. Тіркелудің соңғы мерзімі — 30 қыркүйек. Сол күні сағат 18:00-ден кейін үгіт-насихат жұмыстары басталады. Түсіндірме жұмыстары 25 қазанға дейін жалғасады.

«Учаскелік сайлау комиссиялары 26 қазан 2025 жылы сағат 06:00-де жұмысын бастайды. Сайлау 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады», — делінген Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *