25 маусым күні түнде және таңертеңгі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының батыс аймақтарында қалың тұман күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, тұман көру мүмкіндігін төмендетіп, жол-көлік қозғалысына едәуір қиындық тудыруы мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media.
Дауылды ескерту туралы хабарламаны облыстық ТЖД жолдады. Осыған байланысты тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне жолда ерекше сақ болу ескертіледі.
«25 маусымда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Жолда абай болыңыз!»,- деп жазылған хабарламада.
Ал, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Құрғақ әрі ыстық ауа райының салдарынан табиғи өрттердің туындау қаупі артуда.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды ауа райына байланысты сақтық шараларын күшейтуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға шақырады.
Тағы оқыңыз: Qundyzdy Resort: СҚО-дағы Шалқар көлінің жағасында табиғи шынайы курорт пайда болады