Солтүстік Қазақстанда жыл басынан 1200-ден астам жұп неке қиған. Бұл өткен жылға қарағанда 15 пайызға аз. Дегенмен ерекше датаны таңдап, шаңырақ көтергендер де жетерлік. Мысалы шілденің 25-і күні облыста 51 жұп заңды некеге отырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Үйлену оңай, үй болу қиын». Соңғы айтылғаны тіпті қиындап кеткен сияқты. Бұлай айтуымыздың себебі, жеті айдың ішінде облыста 516 отбасы ажырасқан. Былтыр осы уақытта 484 жанұяның шаңырағы шайқалыпты.
«Статистикаға сүйенсек, теріскейлік жұптар көбінесе шілде, тамыз, қыркүйек айларында шаңырақ көтереді екен. Мәселен, облыс үшін 25 шілде ерекше күн болды. Дәл осы күні өңірдегі АХАТ бөлімдеріне 51 жұп неке қиюға өтініш білдірген. Оның 41-і — петропавлдық»,- деп нақтылады «Азаматтарға арналған үкімет» МК СҚОФ баспасөз қызметі
Өкінішке қарай, бұл күні сегіз отбасы ажырасу туралы өтініш білдіріпті.
Мұндай ұқсас сандарды, датаны жұптар нумерлогияға сеніп, «ерекше энергиясы бар» деп таңдайды.
Тағы оқыңыз: Сергеевка қаласында жаңа демалыс алаңы ашылып, қала тіршілігі жанданды