СҚО-да 22 жастағы жігіттің жүрегіне темір тікен кіріп кеткен

Солтүстікқазақстандық дәрігерлер өкпе, бауыры және жүрегі жарақаттанған пациентті аман алып қалды. 22 жастағы ер адам көлік дөңгелегінің жарылуынан жарақат алған. Екі сағатқа созылған ота барысында дәрігерлер оның жүрегінен автошинаның темір тікенін алып шықты, деп жазады Qazaqstan Media.

Жарақат алған 22 жастағы ер адам Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханаға сағат кешкі тоғыздар шамасында жеткізілген. Кезекші дәрігерлер оның жағдайын бірден өте ауыр деп бағалап, шұғыл түрде операция бөлмесіне жатқызды. Сөйтіп, хирургтар Руслан Захаров пен Алексей Дрюпин, анестезиолог Эльдар Рамазанов бастаған медқызметкерлер бірден ота жасауға кіріскен.

«Науқасты тексеру кезінде кеуде қуысында жарақат байқалды. Одан қан кетіп жатты, бауырдың зақымданғаны көрініп тұрды. Дәрігерлер өкпе мен диафрагманың жарасын және бауырдағы зақымдануларды тікті. Алайда, көкірек бөлігінде гематома пайда бола бастады, қарап-тексеру кезінде жүректің жарақаттанғаны анықталды», — деп жазылған аурухананың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жүректен көлік дөңгелегінің темір тікені анықталып, алынды. Пациент бір литрге жуық қан жоғалтқан.

СҚО-да 22 жастағы жігіттің жүрегіне темір тікен кіріп кеткен

Күрделі отадан кейін жігіт бес күн жансақтау бөлімінде жатқан. Қазіргі кезде оның жағдайы жақсарып, үйіне шығарылған.

Тағы оқыңыз: Петропавл қалалық мәслихатына жаңа депутат сайланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *