Солтүстік Қазақстан облысында идеологиялық атаулары ескірген 347 әкімшілік-аумақтық ел-жер атаулары бар. Оның көбі көше атаулары. Олардың атауларын ауыстыру бойынша арнайы жол каратсы әзірленді. Оған сәйкес 2025 жылы 128 көшенің атын өзгерту ұсынылып отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстағы ономастика саласы да мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алқалы отырысында айтылды. Мұнда идеологиялық атауары ескірген көше мен елді мекендердің атауларын өзгерту мәселесі көтерілді. Мәселен, облыста мұндай 347 әкімшілік-аумақтық атау бар. Оның басым бөлігі, яғни 300-і — көшелер. 33 ауыл мен 14 ауылдық округ атауы да ескірген.

«Идеологиялық ескірген ауылдардың және көшелердің атауын ауыстыру бойынша 2025 жылға жол картасы әзірленді. Ол бойынша төрт ауылдық округ, төрт ауыл және 128 көшеге жаңа атау беру ұсынылды. Петропавлдағы Бірлік шағын ауданындағы 28 және Орман шағын ауданындағы 7 көшеге атаулары «Дәстүрлі атаулар», «Жер-су атаулары» тізімінен алынды», — деді өз баяндамасында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Санат Әубәкіров.

Бұған қоса, «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Ел бойынша бұл тізімге 697 тарихи тұлға кіреді екен. Оның 39-ы солтүстікқазақстандық.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында шығарылатын кір сабындар Астанада сұранысқа ие

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *