Облыстық әкімдікте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар қойылды. Отырысқа аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов төрағалық етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Көрсеткіштерге зер салсақ, әр бағыт бойынша оң динамика байқалады. Көшбасшы салалардың бірі — ауыл шаруашылығы. Диқандарымыз биыл қамбаға 6 млн 600 мың тонна астық құйды. Ет және сүт өндірісі 10 пайызға өсті. Аймақ басшысының орынбасары Қанат Дүзелбаевтің сөзінше, инвестиция тарту жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.

СҚО-да 2025 жыл қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар қойылды
СҚО-да 2025 жыл қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар қойылды

«Қазіргі таңда облыста 900 млрд теңгенің 51 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр. 2025 жылы ауқымды 11 өндіріс орны қолданысқа берілді. Былтыр жұмыссыз жүрген 20 мыңнан астам жерлесіміз жұмысқа орналасты. Медицина саласы да алға жылжып жатыр. Былтыр тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында 50-ге жуық мекеме ашылды», — СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Былтыр облыста екі заманауи мектеп ашылды. 50-ге жуық білім ұясы жөндеу көрді. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша облыста жеті бірдей IT-орталық қолданысқа берілді.

Облыстағы ауылдардың 92 пайызы сапалы интернетпен қамтылған. 2028 жылға дейін бұл көрсеткішті 98 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Жиын соңында аймақ басшысы қатысушыларға нақты тапсырмалар берді.

СҚО-да 2025 жыл қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар қойылды
СҚО-да 2025 жыл қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар қойылды

«Бөлінген қаржыны тиісті жерге жетуін жіті бақылау қажет. Шетелдік инвесторлармен етене жақын жұмыс істеу керекпіз. Сонымен қатар, аудандардағы серіктестіктер халықтың әл-ауқатын арттыруға көмектесуі тиіс. Биыл қай сала болмасын жоғары жетістіктерге жетуіміз қажет», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударды. Қатысушыларға есеп үшін емес, нәтиже көрсету үшін жұмыс істеуді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Ата заңдағы өзгеріс –болашақ үшін керек

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *