СҚО-да 202 ауылдың тұрғыны ауыз суға жарымай отыр

Солтүстік Қазақстанда 202 ауыл таза ауыз сумен қамтылмаған. Бұл елді мекен тұрғындары тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс прокуроры Қайрат Әбдіхановтың төрағалығымен өткен заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде айтылды.

СҚО-да 202 ауылдың тұрғыны ауыз суға жарымай отыр

Аймақтағы 42 мыңнан астам тұрғыны бар 202 ауылға әлі су құбыры тартылмаған. Сондай-ақ желілердің 35  пайызының тозығы жеткендігі белгілі болды.

«Су құбырлары тозуының ең жоғары көрсеткіші Петропавл қаласында тіркелген. Облыс орталығындағы желілердің 58,2% ескірген. Мұндай жағдай Ақжар ауданында да байқалады. Аудандағы су құбырларының 49%-ы тозған. Ал үшінші орында  Аққайың ауданы тұр. Мұнда желілердің 43%-ы ескірген екен», — делінген облыстық прокуратура ұсынған ақпаратта.

Су құбыры тартылған кей ауылдардың өзінде олқылықтар анықталған. Айталық, кей жерлерде сумен жабдықтау желілері қараусыз қалып, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Ал кейбірінде тұтынушылар үшін тарифтер бекітілмеген.

«Сондықтан жиында ауыз суды тұтынуды есепке алу қажеттілігіне баса назар аударылады. Және жергілікті атқарушы органдарға, табиғи монополиялар субъектілеріне және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жағдайды жақсарту және облыстың әрбір тұрғынын сумен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді», — делінген хабарламада.

СҚО-да 202 ауылдың тұрғыны ауыз суға жарымай отыр
СҚО-да 202 ауылдың тұрғыны ауыз суға жарымай отыр

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі жасөспірім суицид жасау бойынша тапсырмаларды орындаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *