СҚО-да 18 жастағы жүргізуші велосипед мінген жасөспірімді қағып өлтірген

СҚО-да Skoda Rapid автокөлігін басқарған 18 жастағы жігіт велосипед мінген жасөспірімді соғып кеткен. Салдарынан 16 жасар бозбала оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні М. Жұмабаев ауданында болған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес 18  жастағы жүргізуші ішімдік ішпеген.

«Қазір автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үздік мектепке 68 млн теңге грант берілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x