Солтүстік Қазақстанда Ақмола облысының екі азаматы ұсталды. Олардан полицейлер бір келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақмолалықтар Петропавлға есірткінің аса ірі партиясын буып-түю үшін келіп отырған. Ұсталған жігіттердің бірінің жасы небәрі – 17-де ғана. Ал екіншісі 20 жаста.
«Олар Рижский көшесінің бойында ұсталды. Оларды тінту және жалға алған пәтерлерін тексеру кезінде 664 гр мефедрон және 358 гр α-PvP тәркіленді. Алынған заттың жалпы салмағы – 1 келіден асады», — деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған жігіт үй қамаққа алынған.
Олар 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы инсульт орталығы халықаралық марапатқа ие болды