СҚО-да 17 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы 30 мектепте мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оқу орындарының 17-сі үшін тексеріс сәтсіз аяқталған. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Мальгаева баяндады,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2012-2017 жылдар аралығында өңірдегі 713 білім беру нысаны мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Бұл мекемелердің толық 100 пайызы қамтылды дегенді білдіреді. 2017-де бақылау шарасы тоқтатылған болатын. Ал, 2021 жылдың қыркүйегінде тексеріс шаралары қайта жаңғыртылды. Алена Мальгаеваның сөзінше, мемлекет тарапынан аталған бақылаудың болмауы елдегі білім беру жүйесінің даму көрсеткіштеріне теріс әсер етті. Атап айтқанда, мемлекеттік бақылау тетіктері арқылы білім берудің жекелеген деңгейлері бойынша білім беру қызметтерін ұсыну сапасының төмендеуі байқалады. 

«Сапаның төмендеуін оқыту деңгейін бағалаудың халықаралық зерттеулерінің нәтижелері де дәлелдейді. Бұдан басқа, сапалы білім беру қызметтеріне кепілді тең қол жеткізу және қазіргі проблемаларға уақытылы ден қою үшін білім беру ұйымдарының инфрақұрылымына тұрақты бақылау жүргізу қажет. Орта білім беру деңгейінде осы жартыжылдықта мемлекеттік аттестаттау 30 мектепте өткізілді. Оның ішінде 13 мектеп (17%) оң қорытынды алса, 17 мектеп мемлекеттік тексерістен өте алмаған», — деді СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Биыл аттестатталған мектептердің саны көбейген әрі олқылықтар да азырақ тіркелген. Соңғы жылдары мемлекеттік аттестаудың форматы өзгерді. Енді сала өкілдері білім беру нысанына бармай-ақ, профилактикалық бақылау жүргізе алады.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу саласында биыл 18 балабақшада аттестаттау өткізілді, бұл жоспарланғанның 41% -ын құрады. Нәтижесінде, 8 балабақша атестатталса, 10-ы үшін тексеріс сәтсіз аяқталған. Атестатталмаған мекемелерде оқу жұмыс жоспарларының, ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмеуінен, тәрбиеленушілердің жетістіктеріне мониторинг жүргізу кезінде талаптарды сақтамауынан, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне стандарт талаптарын сақтамауынан көрініс тапқан Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың бұзылуы анықталды», — деді Алена Мальгаева.

2023 жылдың соңына дейін өңірдегі 90-ға жуық білім беру ұйымына  мемлекеттік бақылау шаралары жүргізіледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бір центнерден астам марихуана тәркіленді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x