1 қаңтардан бастап Қазақстанның Ұлттық банкі анықтаған болжамды инфляцияның деңгейіне сәйкес барлық мемлекеттік жәрдемақылар және базалық зейнетақы 7 пайызға, ынтымақты зейнетақы 9 пайызға өсті. Яғни, бұл инфляция деңгейінен 2 пайызға артық. Жалпы өңірде 145 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алады. Олардың 102 мыңы зейнеткер, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жиынтық мөлшері 130 414 теңге құрайды. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайынғы кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ең жоғарысын 120 пайызға дейін арттыру жүзеге асырылады
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 3692, ең төменгі күнкөріс деңгейі- 43407 теңге, минималды зейнетақы 57853 теңге , ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері 28215 теңге болып белгіленді», — дейді еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлбақыт Манабаева.
Биылдан бастап 1-ші, 2-ші және 3-ші бала туғанда төленетін бір жолғы жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге өседі. 4 немесе одан да көп бала туғанда төленетін ақша 217 350-ден 232 596 теңгеге көбейтілді.
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу бойынша, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға төлейтін және 1-ші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған адамға төленетін жәрдемақы мөлшерлері ең төменгі күнкөріс деңгейінен индексациялануына байланысты 7 пайызға жоғарлады. Мысалы, бірінші топ мүгедектігі бар азаматқа берілетін жәрдемақы мөлшері былтырғы жылы 89 200 теңге шамасында болса енді биылғы жылы 95 400 теңге шамасында алатын болады»,-дейді еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлбақыт Манабаева.
Тағы оқыңыз:СҚО-да футбол клубына бюджеттен 2 млрд теңге ақша бөлінеді