СҚО-да 102 науқас ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр

Ағзаларды трансплантациялауды күту парағында 102 солтүстікқазастандық тұр. Азаматтардың 90-ы бүйрекке, 10-ы бауырға мұқтаж. Өңірдің тағы екі тұрғынына өкпе және өкпе-жүрек кешені қажет, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облысымызбен еліміздегі ағзалық донорлықтың жағдайы туралы транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситқазинов айтты. Орталық мамандары арнайы әр өңірді аралап, дәрігерлермен кездесулер ұйымдастыруда. Олар біздің облыста аурухана қызметкерлерімен ғана емес, Ж. Тілеулин атындағы СҚ жоғары медициналық колледж ұжымымен де кездесті.

СҚО-да 102 науқас ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр

Қазіргі кезде Қазақстанда бұл мәселе өзекті болып отыр. Себебі, тұрғындар көз жұмған жақындарының ішкі органдарын өзге біреуге салуға көп қарсылық білдіреді. Сондықтан Айдар Ситқазинов кездесуде орган донорлығының маңыздылығы туралы айтты. 

СҚО-да 102 науқас ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр

«Донорлардың туыстары тарапынан бас тарту деңгейі жоғары болып отыр. Донорлыққа жарамды қайтыс болған азаматтардың 90% — дан астамының ағзаларын трансплантациялаудан туыстары бас тартады. Бұл әрине, отбасылар бастан кешіретін қиын жағдайларға, эмоцияларға және стресстерге байланысты. Бірақ туыстарымыз біз үшін шешім қабылдамауы керек», — дейді Айдар Ситказинов.

Сондықтан адамның жеке шешімі маңызды. Қазіргі кезде азаматтар, қайтыс болғаннан кейін, донор бола ма, жоқ па екенін өз шешеді. Бүгінде Қазақстанда 6 700-ге жуық адам донорлыққа келісім берді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында донор болу не болмау туралы үш мыңнан астам тұрғын пікірін білдірген. Оның тек 159-ы ғана келісім берді. Ал ағзаларды трансплантациялауды күту парағында 102 солтүстікқазақстандық бар. Бірақ, соңғы төрт жылда жерлестеріміз арасынан донор болатындар табылмаған.

Айта кетейік, біздің өңірде екі донорлық ұйым тіркелген. Ол — көпсалалы қалалық және облыстық аурухана.

Айдар Ситказинов сонымен қатар көздің қабағын трансплантациялау үшін донорлардың жетіспеушілігі туралы айтты. Қазір ол Америкадан сатып алынып жүр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көлігіне жалған нөмір тағып, бірнеше рет жол ережесін бұзған студент қамауға алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x