СҚО-да кәсіпкерлік субъектілері жалпы ауданы 10,2 мың га болатын 14 жер телімін ұзақ уақыт бойы пайдаланбай келген. Жер кодексінің талаптары бұзылғандықтан, аталмыш жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл туралы облыстық прокуратура мамандары хабарлады. Қазіргі уақытта, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз иемделген активтерді анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
«Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі де мемлекет меншігіне өтті. Барлық қабылданған қадағалау шараларымен мемлекетке жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам активтер қайтарылды», — делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Тағы оқыңыз:Петропавлда жаңа сорғы станциясы салынады