Солтүстікқазақстандық жастар «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысуда. Осы жолы Қозыбаев атындағы университеттің 100-ден астам студенті қаланы күл-қоқыстан тазартты, деп жазады Qazaqstan Media.
Жастар «Таза бейсенбі» акциясына қатысып, аллея және университет жатақханасының маңын күл-қоқыстан тазартты.
«Біздің міндетіміз — университетімізге қамқорлық жасау. «Таза бейсенбі» акциясына әр азамат қатыса алады. Қаламызды таза ұстап, аялайық. Әр жерге қоқыс лақтырмай, оның таза болуына ат салысайық», — деді AMANAT партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.
Университет студенттері «Таза бейсенбі» акциясына маусым айынан бастап қатысып жатыр. Белсенділер қоғамдық және демалатын жерлерді, елді мекен аумақтарын күл-қоқыстан тазартты. Сондай-ақ ескерткіштерді жуып тазалады. Облыста акция басталғалы 120 тоннадан астам қоқыс жиналыпты.
Тағы оқыңыз: СҚО дүкендерінде сапасыз тауарлар сатылған